Президент: «Заң мен Тәртіп» – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным
Президент «Заң мен Тәртіп» – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстанымы екенін айтты.
«Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдумда мемлекетіміздің төлқұжаты – Конституциямызды қабылдадық. Мұны ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер еткен тарихи шешім болды десек, артық болмас. Конституцияда Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, жалпыұлттық бірлігімізді күшейту мемлекетіміздің негізгі қағидаттары болып бекітілді. Адам капиталын, білім-ғылымды, инновацияны дамыту конституциялық мәні бар стратегиялық міндет деп танылды. Біз ұлт Конституциясында «Заң мен Тәртіп» қағидатын халқымыздың аса маңызды құндылығы деп айқындадық. «Заң мен Тәртіп» – мен үшін Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным. Түптеп келгенде, ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер дәл осы қағидатқа негізделеді. Өйткені заң үстемдік етпесе, қоғамда тәртіп болмаса, ешқандай реформаның нәтиже бермесі айдан анық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 35 жылдық белесінің маңыздылығын атады.