Президент ҰҚК-ні реформалау мәселелері жөніндегі Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді.
ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Учаскелік инспектордың танымалдылығы үш есеге артты - Көлгінов
Өзгелердің жаңалығы