Президент Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына құран бағыштады

Президент Ржев округі Трубино деревнясындағы майдандас жауынгерлер жерленген бауырластар зиратына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті.

Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған.

Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.

Бұл жерде 2000-нан астам солдаттың мүрдесі жатыр. Жерленгендер тізімінде Қазақстан Президентінің әкесінің ағасы – Қасым Болтаев та бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына құран бағыштады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы