Президент Ұлттық қордан қаржы алу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 

Сонымен қатар, «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы