Президент Үкіметтің отставкасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Үкіметтің отставкасын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы  5 қаңтар

№ 728

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы