Президент түзету мекемесіндегі деректерге қатысты Бас прокурорға тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы түзету мекемесіндегі деректерге қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырғаны туралы Твиттердегі парақшасында жазды.
"Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет", - депінген жазбада.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы