Президент Түркия, Түрікменстан, Тәжікстан және Куба елдеріндегі елшілерді тағайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, – делінген Жарлықта.
Сонымен қатар, Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.