Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

Облыс әкімінің баяндамасында келесі мәселелер айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған;

 Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр;

мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады;

жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған;

 Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған;

биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі;

медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі;

45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы