Президент туралы заңға енгізілген өзгерістер жыл соңына дейін қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин Президент туралы заңға енгізілген өзгерістер жыл соңына дейін қабылданатынын айтты.
Президент өкілеттіктеріне қатысты жоспарланған реформалар саяси бәсекелестік пен мәдениетті дамытуға, өңірлердің дербестігін дамытуға, мемлекеттік аппаратта кадрлық бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал етеді, - дейді министр.
Айтуынша, бұл бастамаларды іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңына және басқа да бірқатар заңға өзгерістер енгізу талап етіледі.
Тиісті заң жобаларын Парламенттің қарауына енгізу осы жылдың тамызына, ал оларды қабылдау осы жылдың соңына дейін жоспарланған. Бұл барлық заң жобасын әзірлеу заң шығару процесінің барлық сатысында кеңінен жария талқылаумен қатар жүреді. Атап айтқанда, «Ашық НҚА» порталында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға бағытталған конституциялық заң және заң жобаларының консультативтік құжаттары жарияланды, - деп түсіндірді Қанат Мусин ОКҚ-да.
Министрдің сөзінше, тиісті талқылаулардан кейін заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары және заң жобаларының өздері қолжетімді болады.