Кеше 2026, 17:06
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті
Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.
Шет мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан әрі табысты болуына тілектестіктерін білдірді, - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.