Президент Тоқаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады.

Отандастарымызды Елорда күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Ұлы дала кіндігінде Тәуелсіздігіміздің жарқын символына айналған заманауи қала бой көтерді. Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейді, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. 


Ата кетейік, Астана күні Қазақстанда мемлекеттік мереке саналады. Әр жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы