Президент тарихта таеквондодан алғашқы алтын жүлдені алған Бейбарыс Қабыланды құттықтады

Мемлекет басшысы таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.

Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанғанын жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Өзгелердің жаңалығы