Президент тапсырмасын орындамаған вице-министр қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметтің қаулысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан обылысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы