Президент тапсырмаларының нәтижесі елді күрделі кезеңнен алып шығады – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларына қатысты "Арнау" дамыту орталығы" қоғамдық ұйымының жетекшісі Ұлан Әбішев пікір білдірді.
Бұл отырыс Мемлекет басшысының елдегі болып жатқан оқиғаларды бақылауда ұстап, "естуші мемлекет" тұжырымдамасын ұстанатынын көрсетті. Дағдарыс кезеңінде Президент дағдарыс менеджері ретінде тапсырма береді. Оның нәтижелері елді күрделі кезеңнен алып шығады, - деді ол.
Әбішевтің айтуынша, Президенттің тапсырмалары халықтың жақсы жағдайы үшін ең қатаң шараларды қабылдауға дайын екенін көрсетті.
Біз Президенттің орталық пен жергілікті елді мекендердегі жағдайдан хабардар екенін көрдік. Сондықтан да ол орталық пен өңірдегі атқарушы органдардың жұмысын сынға алды. Осылайша, Президент ең жауапты кезеңде салғырттық танытқан мемлекеттік органдардың жетекшілеріне соңғы ескертуін жасады, - деді Ұлан Әбішев.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Президент пандемия кезіндегі жұмысты сынға алып, мемлекеттік органдарға жаңа тапсырмаларды жүктеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы