Президент Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасында жазды.
Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін, - деп жазды Тоқаев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы