Президент Сыртқы істер министрін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Министр мемлекет басшысына АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен биылғы 15-16 желтоқсанда Мадридте өткен "Азия-Еуропа" Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады.  

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, келіссөз барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка Құрама Штаттарының Қазақстанды өңірдегі сенімді серіктесі әрі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі негізгі әріптесі санайтынын айтты.

"Азия-Еуропа" форумының қатысушылары Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын және көлік жолдарын дамытуға ықпал ететін Қазақстанның транзиттік әлеуетін жоғары бағалады.   

2020 жылға арналған халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттар жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы