9 Маусым 2023 2023, 19:27 Фото: Ақорда

Президент Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Кездесу барысында қаржы саласындағы инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру және онлайн-сауда, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Президентке жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар У Чжэн өз компаниясының АХҚО базасында Көміртегінің жаһандық цифрлық сауда орталығын ашу жоспары туралы айтты.