Президент сұхбаты - қазақ қоғамына үлкен қозғау салған ойтамызық

«Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы Мұратбек Ержақып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабаралайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең бастысы - халық үшін қажет­ті әлеуметтік-эконо­ми­калық саланың басты бағдарлары айқындалған, ішкі және сырт­қы саясаттың өзек­ті мәселелері рет-ретімен жеткізілген. Біз мұнан Мемлекет басшысының сындарлы саясатымен жүріп келе жатқан жо­лы­­мыз­дың дұрыс екеніне, түрлі ке­дер­гілер мен қиындықтарды жұдырық болып жұмылып, ел болып еңсе­ре алатынымызға көз жет­кіз­дік. Сұхбатта ұлттық болмысы­мыздың жаңаруы, сана­мыздың жаңғыруы, еліміздегі кейінгі бес жылда жүргізілген саяси реформалардың мән-маңызы жан жақты сараланған. Атап өтер жайт, өткен жылы елімізде және сыртқы саяси бағдарымызда көптеген елеулі өзгерістер болды, - деді Мұратбек Ержақып. 

Мұратбек Ержақып президенттің «Біз өткенді аңсау­мен өмір сүр­меуіміз керек. Керісінше, келешегімізді кемел етуге ұмтылып, ұлт­тың ұлылығын нақты іспен дәлелдеуге тиіспіз. Дүниетанымымызға жат мә­де­ниеттерге көзсіз еліктеуден, жал­ған патриотизмнен, даң­ғойлық пен дара­қы­лық­тан сақтануымыз керек» деген сөзін қалай түсінгенін айтты.

Бұл – қазақ қоғамына үлкен қозғау салған ойтамызық. Бұл ойлар біздің еңселі ел ретінде дүние дамуында алды-артын бағамдай білетін, алпауыттармен иық тірестіре алатын мемлекет ретінде орныққанымыз­ды ай­қын­дап отыр. Мемлекет басшысы биылғы Ұлттық құрылтай көктемде өте­тінін айтты. Идеология сала­сындағы көптеген мәселенің шешімін талқылайтын Ұлттық құрылтай бүгінде сындарлы диалог алаңына айнал­ған­дығы көңіл қуантады. Сонымен қатар Президент тұрмыстық зор­лық-зом­былыққа қатысты жаза­ны қатаңдатуды қолдайты­нын да айтты. Отан – отбасынан басталады десек, үйде берілген тәлім-тәрбие өскелең ұрпаққа өз әсерін бермей қоймайды. Атамыз қазақ ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген. Сондықтан, бүгінгі ұрпақтың бойына салт-дәстүріміз бен ұлт­тық құн­дылықтарымызды сіңіре отырып, уақыт көшінен қалмауымыз керек. Озық ойлы ұлттың ұрпағы ретінде үнемі алда болуды мақсат етуіміз тиіс, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы