Президент: Суды барынша үнемдеу керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында суды барынша үнемдеу керегін тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаев Мәжілісте әріптестеріне инфрақұрылымды дамыту қажеттігін айтты.

Энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануға тиіс. Энергетикалық активтерді жаңғыртуға жақын арада жаңа инвестиция тарту керек. Бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асыруға болады, - деді ол.

Сөзінше, қазір тауар газының тапшылығы күшейіп барады. 

Үкімет еліміздің газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге 25 су қоймасын салып, суды барынша үнемдеу керек. Қазақстан тұрақты даму үшін Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет. Бұған дейін қолға алынған көлік және логистика жобаларын түгел уақтылы бітіру өте маңызды, - деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы