Президент Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының төрағалығымен кезекті Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 


Мемлекеттік орган басшылары Президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады. 

Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы