Президент Скляр мен Байхановқа тапсырма берді

Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы