Президент шетелдік көлік мәселесіне нүкте қойды – экономика маманы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік көліктерге қатысты тапсырмалар берді. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға және жетекші ғылыми қызметкерлері Алмас Арзикулов пікір білдірді.
Бүгінгі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент еліміздегі шетелдік тіркеудегі автокөліктерге байланысты тапсырма берді. Себебі осыған дейін елімізде көліктердің тіркеуіне байланысты қоғамда біршама талас туған. Бүгін президент осы мәселеге нүкте қойды деп айтуға болады. Өйткені ол шетелдік автокөліктерді бір жылға уақытша тіркеуге тұрғызуға тапсырма берді. Енді қазақстандықтарда 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап, 2021 жылдың 1 наурызына дейін уақыт бар. Осы уақыт аралығында еліміздің азаматтары шетелдік тіркеудегі көліктері үшін кедендік баж бен утилизация салығын төлеп, көліктерді Қазақстанда тіркеуі қажет. Олай істемейтін болса, ел территориясынан шығарып тастауы тиіс, – деді маман.
Оның пікірінше, президенттің бүгінгі шешімі әлеуметтік жағынан өте маңызды әрі пайдалы.
Автокөлік иелері арасында қажетті салықтарды төлей алатыны да, төлей алмайтыны да бар. Осыған байланысты президенттің мәселені шешу үшін бірнеше күн бермей, бір жылға созып беруі біздің азаматтар үшін үлкен қолдау. Себебі олар барлық төлемдерді бір жыл ішінде асықпай төлей алады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы түйіткілді мәселелерді нақты түсіне біліп, халықтың жағдайын ойлағаны деп ойлаймын, – деді Алмас Арзикулов.Айта кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев нөмірлері шетелдік көліктерге қатысты уақытша тіркеумен қамтамасыз етуі керектігін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда олжалық аңшылыққа рұқсат берілуі мүмкін
Өзгелердің жаңалығы