Президент сайлауы. Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды

5 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Президент сайлауына кандидат Жигули Дайрабаевтың  құжаттары ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 5 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды, - делінген ОСК хабарламасында.

1. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Ж.М. Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы