Президент сайлауы. Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханын сәтті тапсырды
Ел президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханынан өтті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Дайрабаевқа берілген тақырып - «Менің елім, менің жерім» деп аталды.Екінші тапсырмасына Абайдың өлеңін мәнерлеп оқыды.
Үшінші тапсырмасы еркін тақырып болды. Шығарма жазып, комиссия мүшелеріне «Күшіміз - бірлікте» тақырыбында ойын жеткізді.
Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады, - деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда «Вalqaimaq» фуд-фестивалі өтті
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы