Президент сайлауы. Нұрлан Әуесбаевтың кандидаттығы талаптарға сәйкес - ОСК

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сәйкестігін белгілеу туралы отырысында белгілі болды, деп мәлімдейді BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі отырыста ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды. Комиссия Нұрлан Әуесбаев  ҚР Конституциясы мен "Сайлау туралы" заң талаптарына сәйкеседі. Тәртіптеме бойынша кандидаттың сәйкестік хаттамасына қол қою отырыс кезінде жүргізілді, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.  

Еске сала кетейік, Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан кезектен тыс өтетін Президент сайлауына қатысуға ниет білдірген болатын. Сондай-ақ бүгін Нұрлан Әуесбаев лингвистика емтиханын тапсырды. Лингвистикалық комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы қорытынды шығарды.

Биыл елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 20 қараша күні өтеді. 

Биылғы сайлау бұрынғыдан ерекше. Себебі бұдан кейін ел Президенті бір мерзімге, яғни 7 жылға ғана сайланады.  

Жалпы, тәуелсіздік алғалы бері Президенттік сайлау елімізде жетінші мәрте, соның ішінде кезектен тыс сайлау алтыншы рет өткізілгелі отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы