Президент сайлауы. Лингвистикалық комиссия бекітілді

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Лингвистикалық комиссияның барлық 6 мүшесі бекітілді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның құрамында Филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, филология ғылымдарының докторы, профессор Есім Ғарифолла, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанқара Дәдебаев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлтас Құрманбай, Дихан Хамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Анар Фазылжанова кірді.

Аталған ғалымдарды лингвистикалық комиссияның құрамына Орталық сайлау комиссиясының сұранысы бойынша Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, сонымен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұсынды.

Барлық кандидаттар қазақ тіл білімі мен әдебиеті саласында танылған әрі танымал ғалымдар. Лингвистикалық комиссия отырыстарының аңдатпалары ОСК-ның сайтында жария етіледі. Комиссия отырыстары ашық түрде өтеді, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы