Президент сайлауы – 2019: Кандидаттың 107 психикалық ауруы бар-жоғы тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың медициналық қорытындысына қойылатын талаптарды баяндады.
«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеуге кедергі келтіретін аурулар тізімі анықталды. Бұл тізім 107 психикалық аурудан тұрады», - деп айтты вице-министр.Оның айтуынша, кандидаттың ақыл-ойының, есінің айтарлықтай бұзылуы өзіне де, айналасына да қауіпті болуы мүмкін.
«Осы тізімді жасау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарындағы жетекші мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы процесс барысында адамның қимыл-қозғалысы кезінде бұзушылықтар болатын ауруларды талқылады. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша осы 107 аурудан тұратын тізбе анықталды», - деп айтты Ақтаева.
Оның айтуынша, дәрігер-психиатр президенттікке кандидатпен әңгімелесіп, пациентте бар ауруларды анықтайды және объективті тексеріс жасайды.
Психикалық ауруы бар деп күдіктенген жағдайда дәрігер психикалық денсаулық орталығында үш адамнан тұратын дәрігерлік-консультативтік комиссияны құрады. Комиссия шешім шығарып, пациентке диагноз қояды. Содан кейін ол қазіргі таңда 188 мың адам тіркеуде тұрған регистрге тіркеледі.
«Медициналық қорытынды психикалық дәрігердің тексерісінен тұрады. Кандидат психиатрдан тексеріледі. Психотест бұл – бұрын новелла болды. Кандидаттың психикалық аурыу бар болса, электрондық регистрде тіркеледі», - деп айтты Ақтаева.
Вице-министр Қазақстан президенттігіне кандидат үш күн ішінде медициналық анықтама ала алатынын және бұл анықтаманың ҚР Президенті сайлауын өткізу кезінде жарамды болатынын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Лондонда наразылық акциясына қатысқан 428 адам қамауға алынды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы