Президент сайлауы – 2019. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастықты сақтауымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов 2019 жылғы 9 маусымда өтеді деп жоспарланып отырған президент сайлауына қатысты пікірімен бөлісті.
Жандос Табылғановтың сөзінше, бүгін елорда төрінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы үшін аса маңызды үндеу жариялады. Мемлекет басшысы сөзінде "Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Сондықтан, Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым" деп, мемлекет басшысы ретінде сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беретінін айта кетті.
"Сол себепті, біздер де аянып қалмай, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген ұранды алға тартып, ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай әрі тиімді іске асыруымыз керек", - деді Ақтөбе қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы