Президент сайлауы – 2019. Қазақстанды өзге елмен салыстырудың қажеті жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Піриев 9 маусымда өтетін кезектен тыс сайлауға қатысты өз пікірін білдірді.
«Кеше ғана кезектен тыс сайлаудың өтетін туралы үндеу жарияланғаннан кейін қоғамда әртүрлі пікірлер қалыптасып отыр. Бұл да енді демократиялық қоғамның бір белгісі екенін көріп отырмыз. Себебі, бұл – елдің тағдыры, келешегі. Әртүрлі пікірлер болуы мүмкін, болуы да тиіс. Елдің болашағына үміт артатын өзіміздің азаматтарымыздың ішінен халқымыз бірін таңдайды! Ел ішіндегі соңғы жаңалықтарды басқа бір елдермен салыстырып жатқандар да жоқ емес. Бірақ, әр мемлекеттің өзіндік тағдыры мен тарихы, қалыптасу қағидаты бар. Сол себепті, басқа елдермен салыстыру – қатты қажет емес" - дейді ол.
Аскердің айтуына қарағанда, біздің тарихымызда болып жатқан және болатын нәрселер тек бізге қатысты.
"Біздің тарихымызда болып жатқан және болатын нәрселер тек бізге қатысты екенін айта кеткен жөн Ең маңыздысы – 9 маусымда ел болып, сайлауға атсалысып, келешектің мүддесі үшін шешім қабылдаймыз деген сенімдеміз", - дейді Аскер Піриев.