9 Шілде 2022 2022, 21:42

Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент өзінің құттықтауын Twitter-де жазды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент өзінің құттықтауын Twitter-де жазды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Көрнекті спортшыны шын жүректен құттықтаймын!,- делінген әлеуметтік парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен ойнап, жеңіске жетті. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген.