Президент Ханчжоу қаласындағы Қытай Ұлттық шай музейін аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында Ханчжоу қаласындағы Қытай Ұлттық шай музейін аралады. 

"Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшелірктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы