Президент Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Екі мемлекет басшылары Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән бере отырып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылмақ.
Келесі күні, яғни 27 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ораз Жандосов министрдің кеңесшісі болды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы