Президент қоғам қайраткерлеріне «Барыс» орденін табыс етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Наурыз мейрамына орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі кезінде қоғам қайраткерлерін «Барыс» орденімен марапаттады.

«Отан» орденімен көрнекті ақын, қоғам қайраткері Нұржан Светқали марапатталды. Ол терең туындыларымен, қайраткерлік ұстанымымен қоғамның береке-бірлігін сақтауға атсалысты. І дәрежелі «Барыс» орденімен көрнекті сәулетші, Елтаңбамыздың Жандарбек Мәлібекұлы және көрнекті ақын, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин марапатталды, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың сөзінше, Нұрлан Оразалин өз саласының майталманы атанған бұл азаматтар төл мәдениетімізді өркендету жолында зор еңбек сіңіріп келеді. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевқа ІІ дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Ол белгілі мемлекет қайраткері, отансүйгіш азамат, жауапты мемлекеттік қызметтерді 30 жыл бойы атқарып келді. Бүгінгі күні отандық білім мен ғылымды дамытуға белсенді түрде атсалысып келеді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы