Президент ҚХР төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының маңында «China Eastern Airlines» әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы