Президент ҚХА отызыншы сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында  шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы