Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Келесі жаңалық
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Өзгелердің жаңалығы