Президент: Қазақстан саясаты сенімге, диалог пен ынтымақтастыққа негізделген

Қазақстанның саясаты сенім, диалог пен ынтымақтастық қағидаттарына негізделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, тарих қойнауынан қалыптасқан халқымыздың игі дәстүрлері сыртқы саясатқа оң ықпалын тигізіп отыр.

Тарихтан бері қалыптасқан халқымыздың толеранттылық, ынтымақ пен ашықтық дәстүрлері бүгінде еліміздің бейбітшіл әрі салмақты сыртқы саясатынан көрініс табуда. Қазақстан саясаты сенім, диалог және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген. Бұл құндылықтар мен ұстанымдардың барша мемлекеттер мен халықтар үшін аса маңызды екеніне мен кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, елордада осымен сегізінші мәрте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні пайдалану үшін дінаралық комиссия құруды ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы