Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді ауыстырды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалып,  Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы