Президент Қазақстан футболшыларын жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасының футболшыларын бүгінгі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер! - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.

Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы