Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, делінген Ақорданың баспасөз қызметі хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болғанын хабарладық. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы