Президент қай БАҚ өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы төмендегі журналистика саласының қызметкерлеріне табысталды:

1. «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;

2. «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа; 

3. «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;



4. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының 
шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.



Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. «Kokshe» телеарнасының 
шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға; 

2. «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;

3. «Abay Live» YouTube арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;

4. «Тengrinewskz» сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды; 

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. «Ana tili» газетінің шығармашылық ұжымына;

2. «BALAPAN» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

3. «Soltustik Qazaqstan» газетінің шығармашылық ұжымына;

4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент, журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы