11 Қыркүйек 2026, 19:05 Фото: Ақорда

Президент өкімімен Қауіпсіздік кеңесі аппаратының бөлім меңгерушілері тағайындалды

Президент Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшыларын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Александр Владимирович Суханов
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.