Бүгiн 2026, 11:31 Фото: Ақорда

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.