Президент Polpharma SA-ның фармацевтиканы дамыту қызметіне жоғары баға берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma SA компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 

Президентке Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан ірі ғылыми-зерттеу орталығы мен зертхана құрылысының барысы жөнінде мәлімет берілді. 

Орталықта озық әлемдік талаптарға сай келетін толық өндірістік цикл іске қосылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшылығының Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібін дамыту қызметіне жоғары баға берді. 

Сонымен қатар Президент отандық денсаулық сақтау саласының одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін жоғары өндірістік стандарттарды сақтау маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы