Президент: Партияның сіңірген еңбегін ұмытпаған жөн
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде айтылды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Nur Otan партиясы мемлекеттің құрылымы кезінді маңызды рөл атқарды. Ол Орталық Азиядағы жетекші мемлекет ретінде Қазақстанның әлеуетін нығайту міндеттерін жүзеге асыру үшін қоғамымызды өз айналасына біріктірді. Партияның болашағы туралы айтатын болсақ, оның өткенге сіңірген еңбегін ұмытпаған жөн, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, біз барлық белсендінің партия ісіне адал еңбегін ризашылықпен еске алуымыз керек.
Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды. Шешуді қажет ететін жаңа міндеттер бар. Біз жаңа саяси және экономикалық шындықтарға жауап беруіміз керек. Әйтпесе, оның барлық салдарымен бірге тоқырау болады, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтеді
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы