Бүгiн 2026, 14:18 Фото: Ақорда

Президент озық елдердің негізгі қозғаушы күші туралы айтты

Мемлекет басшысы жастарға қолайлы жағдай жасалғанын алға тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде жасанды интеллект дәуіріндегі құндылықтарға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Тағы бір маңызды мәселе туралы айтқым келеді. Сарапшылардың пайымдауынша, жасанды интеллект дәуірінде адамзат санының шешуші фактор ретіндегі рөлі азаяды. Сондықтан мәселе – халықтың санында емес, мәселе – адамдардың білімі мен қабілетінде болмақ. Соған байланысты біз бәріміз және ең алдымен Үкімет білім беру саласына баса мән беруі керек. Озық, дамыған мемлекеттің бәрі көпбағытты саясатты қатаң ұстанатын болды, олардың көбі өздеріне қабілетті, дарынды адамдарды, ғалымдарды, әсіресе, жастарды тартып жатыр, оларға қолайлы жағдай жасауда, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент озық елдердің негізгі қозғаушы күшін атады.

Себебі озық елдердің негізгі қозғаушы күші – білімді, ақылды, еңбекқор, ұқыпты адамдар. Бұл – ақиқат. Біз де озық ел боламыз десек, осы саясатты тиімді түрде іске асыруымыз керек. Адам капиталының сапасын мейлінше жетілдіріп, күшейтуіміз қажет. Бұл – жаңа дәуірдегі бәсекеге толы өмірдің заңы, бұрын-соңды болмаған, мүлде жаңа құбылыс. Осы заманауи үрдісті ашық көзқараспен саналы түрде қабылдап, үлкен дайындықпен қарсы алуымыз керек, - деді Мемлекет басшысы.