3 Сәуір 2025 2025, 16:22
Фото: Ақорда
Президент Өзбекстанға барды
Мемлекет басшысы онда саммит және халықаралық конференциясына қатысады.
Мемлекет басшысы онда саммит және халықаралық конференциясына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына келді, - делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.