Бүгiн 2026, 15:22 Фото: Ақорда

Президент отандық БАҚ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, - делінген Ақорда хабарламасында. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, Президент Жаңа Конституция – халқымыздың темірқазығы, әділетті қоғамның мызғымас тұғыры екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталатынын айтты

Президент қазақ тілінде тұңғыш эфирді жүргізген майталман диктор Зұлқия Жұматованы марапаттады.