Президент Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады.
Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды деп Қорғаныс министрлігінен хабарлады.
Қазақстанда 2023 жылы әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланған жоқ, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресей астығы Қазақстан арқылы заңсыз экспортталған
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы