Президент Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтын аралап көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік заманауи технологиялармен жабдықталған институттың жаңа ғимаратына барып, мекеме жұмысымен танысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 Президентке институт жұмысындағы мұнай-химия өнеркәсібінің қалдықтарын қайта өңдеу, су қоймаларын тазалау және су қорын жинау, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту сияқты 3 негізгі бағыт таныстырылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий итбалығының азайып кету себебін зерделеп, осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізу қажет екенін атап өтті. Президент осы өзекті мәселені өз бақылауына алатынын айтты. 

Мемлекет басшысына өзекті экологиялық мәселелерге қатысты бірқатар технология әзірленгені жөнінде баяндалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы